АлматыВыбор редакции

Алматыда «Барахолка» базарының жанындағы қойма өртеніп жатыр

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео жарияланды

Алматыда «Барахолка» базарының жанындағы қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жетісу ауданы Москвинин 7 мекенжайы бойынша орналасқан қойма өртеніп жатыр. Оқиға орнында штаб жұмыс істеуде, өрт сөндірілетін екі орын белгіленді. Қасындағы қоймаларға өрт таралмауы үшін тиісті шаралар жасалды»,-деп көрсетті Алматы қалалық ТЖД.

Қазір адамдар қоймалардағы тауарлар сыртқа алып шығуда.

Әзірге өрттің шығу себептері мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Другие новости

Back to top button