Спорт

Алматыда БАҚ өкілдері арасында Мақсат Сләмбековті еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті

Алматыда БАҚ өкілдері арасында Мақсат Сләмбековті еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті.

БАҚ арасында  ұйымдастырылған достық турнирге 10 команда қатысты.

Олар Almaty TV, QAZAQSTAN ұлттық телеарнасы, Халық арна, 365info,

Қазақ радиосы, 31 арна, Jastar медиа порталы, EML, Maksat футбол командасы, Сәнік.

10 команда қатысқан додада 3 команда топ жарды:

I орын — 365info

ІІ орын – Сәнік

ІІІ орын — Maksat футбол командасы.

Сондай-ақ Мақсат Сләмбеков Almaty телеарнасында футбол ойнап, «Үздік қақпашы» номинациясында жиі жеңімпаз атанған. Сондықтан номинацияның ішіндегі ең атаулысы «Алтын қолғап» болды. Ал нәтижені қорытындылай келе, үздік қақпашы – Семён Бакаев атанды.

Телеарнаның дамуына елеулі үлес қосып, көрермен көңілінен ерекше орын алған әріптесті еске алу іс-шарасына Мақсат Сләмбековтың анасы Сләмбекова Үмітжан, әйелі Асия Агнюиевна және балалары қатысты. Марқұмның рухына бағышталып құран оқылып, ас берілді.

Іс-шараны ұйымдастыруға шаһардағы Бостандық ауданы әкімдігі және Алматы облысы Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің әкімі Біржан Манатұлы атсалысты.

Бар ғұмырын телевизия саласына арнаған еліміздің танымал журналисті Мақсат Сләмбековтың өмірден озғанына биыл 5 жылдың жүзі болды. Еңбек жолын Almaty телеарнасынан бастады. Он жылдан аса еңбек етіп, «Тарих таразысы», «Қыл көпір», «Жекпе-жек», «Емшілер», «Кәсіп көзі» сынды бағдарламаларды көрермен назарына ұсынып, телеарнада редактор, продюсер, менеджер қызметтерін атқарды. 2017 жылдан бастап «Халық арна» телеарнасында жарнама бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Мақсат Сләмбеков (1976-2018) – қазақстандық журналист, үздік қақпашы номинациясының жеңімпазы. Ол 1976 жылы 1 қаңтарда Абай  облысы Құндызды ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп спортпен шұғылданып, 1988 жылы жасөспірімдер арасында самбодан спорт шебері дәрежесін алған. Домбыра үйірмесіне қатысып мектеп оркестрінде өнер көрсеткен. Мектепті бітіргеннен кейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1997 жылы жоғары оқу орнын тәмамдайды.

Другие новости

Back to top button