Алматы

Алматыда автобус бақылаушысын пышақтап кетті

Алматыда айдың-күннің аманында қоғамдық көлік бақылаушысын пышақтап кетті. Күдікті көп ұзамай қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері қоғамдық көліктің бақылаушысын пышақтап кеткен 38 жастағы ер адамды ұстады.

«Қылмыс қоғамдық көліктің соңғы аялдамасында болды. Қоғамдық көліктің бірінің бақылаушысы өтіп бара жатқан адамға белгіленбеген жерде темекі шекпеу туралы ескерту айтқан, салдарынан арасында жанжал шыққан. Содан кейін өтіп бара жатқан адам автобусқа жүгіріп кіріп, қарсыласын пышақтап кеткен. «Жедел жәрдем» бригадасы қоғамдық көліктің бақылаушысын шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті «ізін суытпай» ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық қару – асхана пышағы тәркіленді», — деді, Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Другие новости

Back to top button