Алматы

Алматыда анасынан айырылған жасөспірім ұл күйзелістен 40 дана дәрі жұтып қойған

Алматы қаласында жасөспірім ұл анасының өлімінен кейін күйзеліске түсіп, 40 дана дәрі жұтып қойған. Бұл ақпаратты Azattyq Rýhy редакциясына Алматы қаласындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерлан мәлім етті. 

«Осындай оқиға болды. Мен қазір баламен байланыстамын. Бала ауруханада ем қабылдап шықты. Енді оған дәрігердің көмегі емес, психологтың көмегі керек. Оқиға болған сәттен бастап баламен байланыс үзген жоқпын. Психолгиялық көмек көрсету орталығы болған жайдан хабардар», — деді Диана Ерлан.

Оның айтуынша, құзырлы орган балаға тегін психолог береді.

Другие новости

Back to top button