Алматы

Алматыда әйелдің басын кесіп алып, базарға тастап кеткен: Тергеу жұмыстары аяқталды

Алматыда әйелдің басын кесіп алып, базарға тастап кеткен күдіктіге қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Іс сотқа жолданды. Бүл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында хабарлауынша, алдын ала тыңдалып 2 тамыз күні сағат 16:00-де тағайындалды.

Алматыда айдың күннің аманында әйелдің басын кесіп кеткен күдікті ұсталғанын жазған болатынбыз. Сот санкциясымен 1962 жылы туған И. есімді адам тұтқындалды. Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыс жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды. Тергеу Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтiру») бойынша жүргізілді.

Другие новости

Back to top button