ГлавноеГосорганы

Алматыда әйел адамды өлтіріп, басын базарға лақтырып кеткен күдікті ұсталды

Қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды

Алматыда Шолохов көшесіндегі саябақта мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

«Соттың санкциясымен 1962 жылы туған И. есімді азамат тұтқындалды. Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыстың жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды. Қазір Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды», — делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.

«ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 12 сәуірде Алматы базарларының бірінде белгісіз ер адам әйел адамның басы салынған пакетті тастап кеткен. Кейіннен сол маңдағы саябақ маңындағы қараусыз қалған ғимарат жанынан әйелдің мәйіті табылды. Марқұмның 1976 жылы туған әйел екені, бұрын бірнеше рет сотталғаны айтылды.

Другие новости

Back to top button