Главное
Алматыда 296 адам коронавирус жұқтырған
Алматыда жыл басынан 296 адам коронавирус жұқтырған, оның 21-і — сәби, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.
- Ауру жұқтырғандардың 38,5%-ы 20-39 жас аралығындағы адамдар,
30,4% – 60 жастан бастап; - 16,5% – 40-59 жас аралығы;
- 10,5% – бір жастан 16 жасқа дейін;
- 7,1% (21 бала) – бір жасқа дейін;
- 4,1% – 15-19 жас.
Қазіргі таңда дәрігерлерге өз бетінше барып анықтаған 263 науқас бар. Олардың 20-сы жұмыс жағдайында анықталған науқастар. Ал 13-і эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды,— деді департамент басшысының орынбасары Әсел Қалықова.