Образование

Алматыда 1 қыркүйекте 5100 орындық үш жаңа мектеп ашылады

Қазір қалада мектептердегі орын тапшылығын азайту шаралары жалғасып жатыр

Алматыда 1 қыркүйекте 5100 орындық үш жаңа мектеп ашылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство өкілі атап өткендей, қазір қалада мектептердегі орын тапшылығын азайту шаралары жалғасып жатыр. Бүгінде ол 19 611 орынды құрайды.

«Биылғы 1 қыркүйекте Қалқаман, Саялы және Томирис шағынаудандарында 5100 орынды 3 жаңа мектеп және №№191, 146, 125 мектептерде 875 орынды қосалқы ғимараттар ашылады», — деді А. Сайлаубай.

Қаладағы жалғыз үш ауысымды №196 мектептің мәселесі оқу жылының басында «Мәдениет» шағын ауданында жобалық қуаты 1500 оқушыға есептелген жаңа мектептің ашылуымен шешімін таппақ.

2022 жылдың соңына дейін 6000 орынды тағы 4 мектепті (Қалқаман-2, Қайрат, Дархан, Нұркент шағынаудандарында) пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ №48 және 9 мектептердің қосалқы ғимараттары пайдалануға берілмек.

Қала әкімдігі 1 800 орынды мектептерді орналастыру үшін екі ғимарат сатып алады (Бостандық және Наурызбай аудандарында).

Сонымен қатар, оқу жылының басында жеке инвестициялар есебінен 3250 орынды 6 мектеп (Әуезов ауданында — 280 орынды «Достық» мектебі, Медеу ауданында — 200 орынды «Вундер академия» мектебі, Наурызбай ауданында — 590 орынды «Заман» мектебі, Түрксіб ауданында — 400 орындық Millennium мектебі ашылады, қалған 2 мектеп осы жылдың соңына дейін ашылады).

Қалалық 15 мектептің «Мектеп спорт алаңдарын модернизациялау» жобасын іске асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді, жұмысты оқу жылы басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

 

Другие новости

Back to top button