Алматинская область

Алматы облысының әкімдігі бұрынғы казино ғимаратына көшті

Алматы облысы әкімінің аппараты Қонаев қаласындағы бұрынғы казино ғимаратына көшті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Ғимараттың жалпы ауданы 11 891,8 шаршы метр екен.

«Алматы облысының әкімі Индустриальная көшесі, 16/4 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратты жалға алады. Жалпы ауданы 11 891,8 шаршы метр», – деп пікір білдірді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай бұрын бұл ғимаратта Royal Plaza казиносы орналасқан екен. Әкімдік өкілдері ғимараттың ұзақ уақыт бос тұрғанын қосып өтті.

Сонымен қатар жалға алу және сатып алу құны нарықтағы бағадан төмен. Алдағы уақытта ғимаратты сатып алу көзделіп отыр.

Другие новости

Back to top button