Алматинская область

Алматы облысында зейнеткер 12 жасар қызды зорлаған

Алматы облысында зейнеткер 12 жастағы қызды зорлаған. Жаға ұстатар жайт  Ұйғыр ауданының орталығы Шоншы ауылында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. 72 жастағы қария уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«13 сәуірде Ұйғыр ауданының полициясына қызының зорланғаны жайында жергілікті тұрғын арызданған болатын. Бұл дерек ҚР ҚК 120-бабының белгілері бойынша тіркелді. Аталған деректі тексеру шеңберінде бірқатар сот-медициналық сараптамаларды тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін тараптардың дәлелдері  жан-жақты, толық және объективті тексерілуде», — деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сондай-ақ тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Ал БАҚ-та тараған ақпаратқа қарағанда, педофилдің оқушы қызбен кездескенін мектептің мұғалімдері де көрген. Кейін қыз бала барлық оқиғаны мектеп қызметкерлеріне айтып берген.

Другие новости

Back to top button