Алматы облысында үш жасар егіз қызды өгей әкесі зорлаған: Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға түсініктеме берді
Алматы облысында өгей әкесінен зорлық көрген үш жасар егіз қыздардың жағдайына қатысты оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Кейін тәжірибелі психологтар отбасымен жұмыс істей бастайды.
“Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, тергеу нәтижелерін күтеміз. Зардап шеккендерді кешенді қорғау үшін барлық қажетті шаралар қабылданады”, – делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында 40 жастағы ер адам үш жасарекі қызды зорлады деп күдікке ілінді.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, кішкентай қыздың қынабынан қан кетіп, ауруханаға жеткізілген. Осы кезде оны зорлағаны белгілі болды. Анасы бұл оның екінші қызымен де болғанын мойындады. Бірақ азаматтық некедегі жұбайы, яғни қыздардың өгей әкесінен қорқып, айтпаған. Қыздардың анасы да қамауғаалынды.