Алматинская область

Алматы облысында табылған жаралы қар барысы хайуанаттар бағына жеткізілді

Жыртқыш жануарды малшы тауып алған

Алматы облысында жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, қар барысын тауып алғаны туралы айтқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«19 сәуірде Райымбек ауданы ПБ кезекші бөліміне Сарыбастау кентінің тұрғынынан мал жаю кезінде әлсіреген қар барысы (артқы аяқтарының қозғалыс функциялары бұзылған) кезіккені жайлы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары, Райымбек ауданы полиция бөлімі қызметкері, табиғат қорғау полициясы барып, акт толтырылды», — делінген хабарламада

20 сәуірде Қызыл кітапқа енген жануар Алматы хайуанаттар бағына жеткізілді.

Другие новости

Back to top button