Алматинская область

Алматы облысында мектеп мұғалімдері мен оқушылар дүрлікті (ВИДЕО)

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Мыңбаев орта мектебінде жергілікті тұрғындарды дүрліктірген оқиға болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан білім ордасының шатырындағы электр сымдары жарқылдап, мұғалімдер мен оқушылардың үреймен сыртқа қашқандарын көруге болады.

Instagram пабликтерінің біріне жергілікті тұрғындардың бірі мектепте ешқандай қауіпсіздік шаралары сақталмайтынын, заң бұзушылық көп болатынын айтып, шағымданған. Бұл жағдай шамамен бір ай бұрын болған екен. Тұрғындар білім ордасында электр тоқтары әлі де талапқа сай емес деп отыр.

Другие новости

Back to top button