Алматинская область
Алматы облысында мал ауруы ушықты – шектеу шаралары енгізіліп жатыр
Ұйғыр ауданында сібір жарасы болуы мүмкін жағдайлар анықталып, ветеринарлық-санитарлық уақытша шектеу шаралары енгізілді. Бұл туралы өңірдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында мал мен ауылшаруашылық жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттауға шектеу қойылды. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайтындықтан, азаматтардың жүріп — тұруына ешқандай шектеулер қойылған жоқ», — делінген хабарламада.