Алматинская областьВыбор редакции

Алматы облысында кірпіш зауытының иесі тұрғындарға пышақпен қоқан-лоқы көрсетті (видео)

Алматы облысында кірпіш зауытының иесі халықты пышақпен қорқытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желіде екі қолына пышақ ұстап алып, тұрғынға қоқан-лоқы көрсетіп жүрген ер адамның видеосы тарады. Сол жерде тұрған адамдар оны тоқтатуға тырысқан.

Оқиға Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Қайназар ауылында түсірілген. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

«Мас болған кірпіш зауытының директорлары мен жергілікті халық арасында жанжал туындаған. Тәртіпбұзушылық Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды», — деді тәртіп сақшылары.

 

Другие новости

Back to top button