Алматинская область

Алматы облысында жол апатынан екі әйел көз жұмды

Алматы — Бақанас тасжолында екі адам қаза болып, бір адам жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген кадрлар пайда болды. Автордың айтуынша, 31 шілдеде Бақанас ауылының маңында екі көлік соқтығысып, бір жүргізуші қашып кеткен.

«Бақанасқа жетпей жол апаты болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, көк түсті Lexus RX330 жолдың қарама-қарсы қозғалыс бағытына шығып кетіп, көлікпен соқтығысқан. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетты. Екінші көліктің жүргізушісі қайтыс болды. Жас әйелдің ртында үш баласы қалоды», — делінген жазбада.

Алматы облыстық полициясы Алматы — Бақанас тасжолындағы жол апатында екі көлік соқтығысқанын растамады. Ведомствоның мәліметінше, Lexus RX-350 көлігін басқарған 32 жастағы ер адам рөлге ие бола алмай, аударылған.

«Оқиға орнында 1981 және 1982 жылы туған екі әйел қайтыс болды. Жүргізушінің өзі де зардап шекті, ол түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды. Бұл факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық тергеу басталды», — деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button