Алматинская область

Алматы облысында жедел жәрдем көлігі екі қызды қағып кетті

12 қыркүйекі күні Есік қаласында жедел жәрдем жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Есік қаласындағы Алтын Адам аллеясы көшесімен келе жатып жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі қызды қағып кетті.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатына қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Зардап шеккен екі қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар амбулаторлық ем алуға жіберілді. Жедел жәрдем арнайы көлік тұрағына қойылды.

Бұған дейін Алматыда мопедші жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен еді.

Другие новости

Back to top button