Алматинская область

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды (видео)

Желіде Алматы облысында жасөспірімдер арасында болған жаппай төбелес түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Видео авторының айтуынша, төрт жасөспірім ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның Іле ауданы, Жәпек батыр ауылындағы мектептердің бірінің оқушыларының арасында болғанын анықтады.

«Аталған факті аудандық полицияға қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркелді. Тексеру барысында 29 қарашада 2008 жылы туған 9-сынып оқушысы мен 2007 жылы туған 10-сынып оқушысы арасында келіспеушілік туындағаны анықталды. Осы факті бойынша бұзақылық жасаған оқушылар жауапқа тартылды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері, сонымен қатар психологтардың қатысуымен профилактикалық тәрбие жұмыстары жүргізілуде», — делінген ведомство хабарламасында.

Полиция төрт жасөспірімнің ауруханаға жатқызылғанын растаған жоқ. Ведомствоның мәліметінше, төбелес кезінде екі адам жеңіл жарақат алған.

Другие новости

Back to top button