Алматинская область

Алматы облысында ер адам әйелін атып өлтірген

Күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің артында үш баласы қалды

Алматы облысында әйелін өлтірген ер адамға қатысты тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 19 қарашада болған.

«Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімінің тергеушілері жеккөрушілік қарым-қатынас негізінде адамды қасақана өлтірген 47 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастады», — делінген хабарламада.

Күдікті сол күні ұсталып, қамауға алынды. Қылмыс құралы – күдіктіге тиесілі аңшы мылтығы тәркіленді.

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері облыстық ПД-ның бақылауына алынды.

«Не молчи» қорының мәліметінше, күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің артында үш баласы қалды.

Другие новости

Back to top button