Алматинская область
Алматы облысында бомба қойылды делінген колледжден 600-ге жуық адам эвакуацияланды
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2022/11/4e882721-2f72-470e-9083-1953527ca279-780x470.jpeg)
Алматы облысында бомба қойылды делінгенколледжден 600-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«30 қараша күні сағат 12:10-да кезекші бөлімге М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне бомба қойылғаны туралы ақпарат түсті. Полиция қызметкерлері басқа уәкілетті органдармен бірлесіп 500-ге жуық оқушыны, 97 оқытушыны, 7 техникалық персоналды және 2 күзетшіні эвакуациялады», — делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомство ақпаратына сәйкес, аталған дерек ҚР Қылмыстық кожексінің 273-бабы бойынша Талғар аудандық полиция бөлімінде тіркелді.
«Қазіргі уақытта саперлер арнайы операция жүргізіп жатыр. Оның нәтижелері бойынша жағдайға құқықтық баға берілетін болады»,- деп толықтырды баспасөз қызметінен.