Алматинская область

Алматы облысында әкесі мен үш ұлының мәйіті табылды

Бүтін бір отбасы газға уланып қалған

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Жомарт саяжайында бір отбасының төрт адамы газға уланып қайтыс болды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1970 жылғы үй иесі мен оның үш ұлы ұйықтап жатып уланған. Бәрі көз жұмды. Бұл уақытта марқұмның әйелі – балалардың анасы үйде болмаған. Ол түнгі ауысымда жұмыс істеп, таңертең үйіне оралғанда туғандарының денесін тапқан.

Анықталғандай, ер адам үйіндегі газ-пешіне 25 литрлік газ баллонын өз қолымен қосып қойған.

Другие новости

Back to top button