Алматинская областьВыбор редакции

Алматы облысында әйел адам оқушыны қақты: жантүршігерлік кадр әлеуметтік желіде тарап кетті

12 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды

Алматы облысы Шелек ауылында көлік тізгіндеген келіншек жаяу жүргіншілер өткелінде баланы қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облысының полиция департаменті 16 қараша күні сағат 14:00 шамасында 34 жастағы жүргізуші Honda avancier маркалы автокөлігін басқарып, Шелек ауылындағы Момышұлы көшесімен шығыс бағытта келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелі бойынша кесіп өткен 12 жасар баланы қағып кеткенін хабарлады. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

«Бұл факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелген. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

 

Другие новости

Back to top button