Алматинская область

Алматы облысында 100 келіден астам ақбөкен мүйізі тәркіленді

Алматы облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері үш ер адамды ұстады. Олардан 100 келіден астам ақбөкен мүйізі табылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Жедел жұмыс барысында ұсталғандардан 953 дана ақбөкен мүйізі тәркіленді. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деді Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Әбілғазы Төлепбергенов.

Другие новости

Back to top button