Выбор редакцииСпорт

Алматы облысы Ащыбұлақ ауылында футболдан облыстық ІІ-ші Halyk Open Cup 2024 турнирі өтеді

2024 жылдың 6-7 сәуірінде Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылында 2013 жылға дейінгі  балалар арасында футболдан 2-ші облыстық «АуылФутбол Cup»  турнирі өтеді. Турнирдің бас демеушісі – «Халық» қайырымдылық қоры.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирге Алматы облысының Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарынан 16 команда қатысады. Бұл «Халық» қорының қолдауымен өткізіліп отырған екінші облыстық Halyk Open Cup турнирі.

Турнирдің мақсаты – ауыл балалары футболын қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау.

«Бұл «Халық» қорының қолдауымен өтіп жатқан екінші  турнир. Алғашқы турнир 2023 жылдың маусым айында өте жоғары деңгейде өтті, себебі турнирге кеткен барлық шығындарды «Халық» қоры толығымен өтеген. Биылғы турнир де Қордың толық қаржылай қолдауымен өтуде, оның үстіне Бас демеуші командалардың көлік шығындарын өтеп отыр», — деді «АуылФутбол» жобасының жетекшісі Серік Мәмбетов.

Регламентке сәйкес 16 турнир қатысушысы 4 топқа бөлінген, оның ішінде 2 үздік команда плей-офф кезеңіне өтіп, жеңіске дейін ойнайды. Жүлдегерлер кубоктармен және «Халық» қорының логотипі бейнеленген эксклюзивті медальдармен марапатталады.

Серік Мәмбетовтің айтуынша, қатысушылардың ешқайсысы сыйлықсыз қалмайды.

«Барлық қатысушы командалар жеке сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Өйткені,балалардың ең басты турнирдегі міндеті жеңіс емес,  жадында қалатын жағымды эмоциялар мен әсерлері», — дейді #АуылФутбол жобасының жетекшісі.

«АуылФутбол» жобасы 2024 жылы тағы 13 өңірде осындай турнир өткізуді жоспарлап отыр.

«2024 жылдың сәуір айынан бастап қыркүйекке дейін өңірлік турнирлердің кестесі бекітілді . Ал 2024 жылдың қазан айында Бас демеушіміздің қолдауымен Алматы облысында облыстық турнирлердің жеңімпаздарының қатысуымен бірінші республикалық «Halyk Open Cup» турнирін өткіземіз. Республикалық турнир тек спорттық жарыс емес, бұл  «саяхат, жаңа танысулар, жаңа әсерлер болмақ. Сондықтан «Халық» қорына үлкен алғыс білдіреміз», — деп түйіндеді сөзін С.Мәмбетова.

«Халық» қайырымдылық қоры құрылған сәттен білім, денсаулық, спорт, мәдениет және әлеуметтік салалардағы жобаларды қолдап келеді. Спорт — тәбие құралы. Салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймайды, жастарды тәртіпке, жауапкершілікке, бірлікке, татулыққа, өзін де өзгені де сыйлауға үйретеді. Бұл жағынан келгенде #Ауылфутбол жобасы көпке үлгі. Жобаның республикалық деңгейге шығуына үлес қосу, ауыл балаларының жоба аясындағы жетістіктерін көру біз үшін үлкен мәртебе. Қордың негізгі мақсаты да – көмек пен қолдауды қажет ететін салаларда азаматтарды демеу, қоғамды ізгілендіруге үлес қосу. Алдағы уақытта ба бұл бағыттағы жұмыстарымызды жалғастыра береміз», — деді «Халық» қайырымдылық қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

#АуылФутбол жобасы 2020 жылы іске қосылды, идея авторы журналист және қоғам қайраткері Серік Мәмбетов. Жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттері ауылдағы балалар футболын қолдау болып табылады. Осы уақытқа дейін 100-ден астам команда қаржылай қолдауға ие болды, екі ауылда алаңдар салынды, жаттықтырушылар үшін ондаған семинар-тренингтер өткізілді.

Тимур мен Динара Құлыбаевтардың «Халық» қайырымдылық қоры құрылған күннен бастап денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған 120-дан астам жобаға 50 миллиард теңгеден астам қаржы бөлген.

Другие новости

Back to top button