Алматы

Алматы маңында таңғы уақытта жер сілкінісі болды

Сондай-ақ Талдықорғаннан 104 шақырым жерде де жер сілкінісі тіркелген

21 қарашада сағат 04:57-де Қазақстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 285 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

ҚР ТЖМ «СТӘК» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметі бойынша жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,2 болған. Магнитудасы MPV 4,3. Эпицентрінің ошағы 42.35° с.е 80.20° ш.б. Тереңдігі 5 км.

Сезілуі туралы ақпарат жоқ (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Айта кетерлігі, жер сілкінісі сондай-ақ Талдықорғаннан 104 шақырым жерде де тіркелген.

Другие новости

Back to top button