Алматы

Алматы лицейлерінің бірінде оқушы қыз өзіне қол жұмсамақ болған

Қазіргі кезде қыз бала аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы қаласының Полиция департаменті қаладағы лицейлердің бірінде оқушының суицид жасамақ болғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Полиция өкілдері лицейлердің бірінде оқушының өз-өзіне қол жұмсауға тырысқаны және жансақтау бөлімінде жатқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді.

«Аталмыш дерек бойынша тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша бұған ата-анасымен болған жанжал себеп болуы мүмкін. Жағдайлар мен себептер анықталуда. Қыз ауруханада жатыр. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», — деп хабарлады қалалық ПД өкілдері.

Другие новости

Back to top button