Происшествия

«Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Сотталушы түрменің үш қызметкерінің кеудесін тіліп жіберді

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жараланғандардың жағдайы туралы айтып берді

Жамбыл облысындағы ЖД-158/7 түзеу мекемесінде сотталушы түрменің үш қызметкерін шабуылдап, оларды жаралады. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-парақшасында жазған болатын. Ақпаратты ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Оқиға бүгін таңғы 8:35 шамасында болған. Надир Акмишев есімді сотталушы «Аллаһу акбар» деп айқайлап, қырынуға арналған ұстараның алмасымен күзетшілердің бірінін кеудесін тіліп жіберген. Жарақат алған әділет лейтенанты Мекембай Б. жасақ командирі болған. Сотталушының әрекетін тоқтатпақ болған Ибрашев М., Төребеков Е. есімді түрме қызметкерлері де жараланған.

«Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/7 мекемесінде таңғы тексеріс кезінде сотталған мекеме әкімшілігі қызметкеріне шабуыл жасады. Зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың жағдайы бірқалыпты.

Қызметкерлерге шабуыл жасаған сотталған тәртіп изоляторына оқшауландырылды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметтік тергеу тағайындады», — деп мәлімдеді ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

 

 

Другие новости

Back to top button