Госорганы
Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барады

Премьер-Министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметінесілтеме жасап.
Үкімет басшысы сапар барысында:
— Жезқазған жылу-электр орталығы және басқа да коммуналдық нысандардың жұмысын тексереді;
— өңірдің көлік-логистика әлеуетінің дамуымен, бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелердің қызметімен танысады.
Премьер-Министрге Жезқазған қаласын дамытудың бас жоспары таныстырылады деп жоспарланған.