Главное

Әлібек Қуантыров сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Айта кетерлігі, Әлібек Қуантыров 1 сәуірде KazEnergy бас директоры болып тағайындалды.

Ол 1983 жылы Атырау қаласында туған.

Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген, қолданбалы экономика магистрі. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Другие новости

Back to top button