Госорганы

Әлібек Қуантыров министрлер мен әкімдер назар аударуы тиіс мәселені атады

 Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін министрлер мен әкімдер назар аударуы тиіс іс-шараларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдарға келесі іс-шараларға назар аудару ұсынылады. Уақытылы егін жинауды және құрылыс жұмыстарының маусымын тиімді жүргізуді қамтамасыз ету, экспорттың өсуін қалпына келтіру үшін қосымша шаралар қабылдау және баламалы бағыттарды тиімді пайдалану қажет», — деді министр.

Сонымен қатар ол белсенді түрде инвестиция тарту және бюджет қаражатын тиімді игеру мәселесіне де назар аудартты.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуін болдырмау бойынша іс-шаралар қабылдау және тұрақты мониторинг жүргізу керек. Тұрақты және уақытша жұмыспен қамту іс-шараларын қолдау арқылы еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету қажет», — деді Әлібек Қуантыров.

Другие новости

Back to top button