Әнші Мақпал Жүнісова Instagram парақшасында анасын туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол құттықтауында анасының 12 құрсақ әкелгені туралы жазды.
«Аллаға мың шүкірлер, бүгін ардақты анамыздың туған күні, өмірге 12 құрсақ әкелген батыр анамызға бас иеміз, қазір немерелер,шөберелер сүйіп отыр, Алла қолдап жүзге жеткеніңізді армандаймыз, бізге тілеу тілеп, еш жамандыққа қимайтын аналарымыз төрімізде отырсын, әлі де бала болып, еркелеп жүрміз, аман болыңыз, анашым!» — деп жазды Мақпал Жүнісова.