Госорганы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бір аптаның ішінде 1200 шағым түскен

Қор «қосып жазған» ақпаратты анықтаған жағдайда азаматтарды бірден хабарлауға шақырады.

Бір аптаның ішінде жалған қабылдаулар бойынша шамамен 1200 хат келіп түсті. Салыстыратын болсақ, 2022 жылы осындай өтініштердің саны 80-нен асқан емес, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қордың баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылы 52 мыңнан астам қабылдауды «қосып жазғаны» туралы баспасөз релизі жарияланған соң, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына азаматтардан көрсетілмеген медициналық қызметтер бойынша өтініштер түсе бастаған.

Алайда, Қор сарапшылары келіп түскен өтініштерге проактивті мониторинг жүргізу кезінде жүгінушілердің жартысынан көбі (730) шағымдарын кері қайтарып алғанын байқаған. Себебін анықтаған кезде азаматтар бірауыздан медициналық ұйымдардың тез арада шағымдарын қайтарып алуды өтінгендерін айтты.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «қосып жазған» ақпаратты анықтаған жағдайда медициналық ұйымдардың өтініштеріне қарамастан бірден хабарлауға шақырады. Ал Қорға жалған дерек бойынша ресми өтініш жазған соң, медициналық ұйымнан қоңырау шалып, оны қайтарып алуды өтінсе, бірден бас тартыңыз. Кері жағдайда сіз өзіңізді құқық бұзушылық жасауға итермелейсіз», — деп ескертеді қордың баспаөз қызметі.

Другие новости

Back to top button