Культура

Әлеуметтік желіде Қанат Әлжаппаровтан айнымайтын жігіттің видеосы тарады (видео)

 Әлеуметтік желіде отандық әзілкеш Қанат Әлжаппаровтан айнымайтын корейлік азаматтың видеосы тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Tik-tok желісіне Кореяда жұмыс істейтін қазақ жігіті таратқан. Ал желі қолданушылары қазақстандық әзілкеш пен видеодағы азаматтың бір-біріне қатты ұқсайтынын жарыса жазған.

«Қанат Әлжаппаровтың сыңары», «Қанаттың жас кезі секілді», «Айнымаған Қанат», «Қалай қатты ұқсайды?», «Бұл кісіні Қанат Әлжаппаровтың өзіне көрсету керек екен», — деп жазды күлкіге қарық болған оқырмандар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастан айнымайтын жігіттің видеосы тараған болатын.

Другие новости

Back to top button