Главное

Әлемнің 9 елінде 13 мың ядролық оқтұмсық бар – президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлеп, әлем елдеріндегі ядролық қару мәселесін тілге тиек етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгінде тоғыз елдің арсеналында жалпы саны 13 мың ядролық оқтұмсық бар. Сарапшылар оны қолдану ықтималдылығы артып келе жатқанын ескертеді. Тіпті, бұған жазатайым қателік, оқыс оқиға немесе эскалация себеп болуы мүмкін», — дейді президент.

Мемлекет басшысы сөзін жалғай отырып, жарылыстың салдары қандай болатынын қозғап өтті. Өз сөзінде Қазақстан аумағында болған ядролық сынақтарды мысалға келтіріп өтті.

«Бір ғана жарылыстың салдары жойқын болмақ. Ғалымдар атом бомбасы түскен жерін күл-талқан етіп қана қоймай, жаһандық ауқымдағы климат апатына әкеп соғуы, егістік атаулыны жойып жіберуі мүмкін екенін айтады. Оның қасіретін біз жақсы білеміз. Жерімізде жасалған 450 ядролық сынақтың зардабымен Қазақстан әлі күнге дейін бетпе-бет келіп отыр. Біз бейбітшілік үшін Кеңес өкіметінен мұраға қалған ядролық арсеналдан өз еркімізбен бас тарттық. Бүгінде жаппай қырып-жоятын ядролық және биологиялық қаруды таратпау ұстанымын жақтаймыз», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Другие новости

Back to top button