Госорганы

Әлемдік компаниялардың сертификатын алған ІТ мамандарға жеңілдік жасалады

Әлемдік компаниялардың сәйкес емтиханын тапсырып, сертификатын алған қазақстандықтарға жұмысқа орналасуда жеңілдік жасалады. Мұны БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте Ғылым және жоғары білім комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпараттық-технология саласын алатын болсақ, олар «НР», «HUAWEI» сияқты компаниялардың сәйкес емтиханын тапсырып, сертификат алатын болса, сонда оған жұмысқа тұру жеңілдеу болады. Өйткені, қазіргі үлкен компаниялардың сұранысы – теориялық біліммен қатар, кәсіби білім болуы керек. Сондай кәсібилікті қысқа мерзімді курстар арқылы қамтамасыз етеді», — деп тоқталды Дархан Ахмед-Зәки.

Комитет төрағасы бұл бастама бакалавр, магистратура мен доктарантура бағыты бойынша оқығандардың дипломы мен кәсібилігін жоққа шығармайтынын атап өтті.

«Оқу орындары негізгі білімді береді. Соған сәйкес, кәсіби білімді ұштастыру басты мәселе болып табылады. Мұның барлығы «өмір бойы білім алу» жүйесіне сәйкес. Атап айтқанда, бұл формальды емес білім беру тұжырымдасын орындаудың бір тетігі. Бұл жаңа үрдіс болғандықтан түсінбеушіліктер болуы мүмкін. Бұл дипломды жоққа шығармайды. Бұл қосымша сертификациялау бағдарламасы», — деп мәлім етті ол.

 

Брифингіде комитет төрағасы шетелге кетіп жатқан ІТ саласының мамандарына қатысты сауалға жауап берген еді. Оның мәлімдеуінше, өзге мемлекетке кеткен қазақстандықтар қайта оралып жатыр.

 

Другие новости

Back to top button