Социум
Алдағы күндері Қазақстанда 20 градусқа дейін аяз болып, күн суытады
Синоптиктер алдағы 15-17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы тәуліктерде елдің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін.
«Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман болып, қатты екпінді жел 15-28 м/с жылдамдықпен соғады. Аптаның соңында Солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтауы және температура фоны төмендейді деп болжанып отыр», — дейді синоптиктер.
Ауа температурасы түнде суытып, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта -10-20 градус, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыста -2-10 аяз, таулы аймақтарда 10-15 градус аяз болады