Социум

Алдағы күндері елімізде күн суытып, кей өңірде 5 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қар жаууы мүмкін

«Қазгидромет» РМК 18-20 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Атлантикалық циклон жырасының ықпалымен және атмосфералық фронттардың өтуімен алдағы күндері республиканың басым бөлігінде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр жауады, түнгі уақытта Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түсуі мүмкін. Қазақстан бойынша жел күшейіп, батыста, шығыста, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түсуі ықтимал», — делінген ақпаратта.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы:

— батыста, солтүстік-батыста түнде +3-8-ге дейін, күндіз +10-20-ға дейін;

— солтүстікте түнде +2-7 градусқа дейін, күндіз +7-12-ге дейін;

— елдің орталығында +3-8 градусқа дейін, күндіз +5-19 градусқа дейін төмендейді;

— шығыста түнде -5 градус аяз бен +5-тен 0-8 градус аязға дейін төмендеп, күндіз негізгі фон +5-13 градус жылы болады;

— оңтүстікте түнде +2-7-ге дейін, күндіз+10-20-ға дейін;

— оңтүстік-шығыста түнде -5 градус аяз, күндіз +5+15 градусқа дейін төмендейді.

 

Другие новости

Back to top button