Социум
Алдағы демалыс күндері еліміз бойынша шыңылтыр аяз болып, қар жауады
Тек батыс өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз болады
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2022/12/606feed6-38fc-44c0-9bcf-bcac072b5d3d-780x470.jpeg)
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болып, қар жауады. Тек елдің батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады», — деп болжам жасады «Қазгидромет» РМК өкілдері.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын болып, жел күшейеді, оңтүстік және оңтүстік – шығысында тұман болады.
Түнде батыста ауа температурасы 10-22 аяз, оңтүстік-батыста 3-15 аяз, солтүстік-батыс және солтүстікте 20-30 аяз, орталықта 13-22-ден 20-30 аязға дейін төмендейді, еліміздің шығысында 25-34 аяз, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 5-15, таулы аудандарда 15-20 аяз болады.