Госорганы

Алдағы 4 жылда елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға 611 млрд теңге бағытталмақ

2023-2027 жылдарға арналған елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың кешенді жоспары бекітілмек. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорданың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған осы кешенді жоспары халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ Астана қаласының Денсаулық сақтау жүйесінің амбулаториялық және стационарлық желілерін нығайту мақсатында әзірленді. Кешенді жоспар жаңа медициналық объектілерді салуды және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялауды, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды және кадр ресурстарын дамытуды көздейді. Кешенді жоспар жалпы сомасы 611 млрд теңгеге 30 ұйымдастыру және іске асыру іс-шараларынан тұрады», — деп көрсетілген жоспарда.

Құжатта жазылғандай, 2027 жылға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 9 жаңа нысан салынбақ. Сонымен қатар балаларға арналған мамандандырылған 5 ұйым бой көтереді.

«Сондай-ақ кешенді жоспарларда тапшы мамандықтар бойынша резидентураның білім беру гранттарының санын ұлғайту, жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету (қызметтік тұрғын үй беру, медицина қызметкерлерін сараланған қосымша ақы түрінде көтермелеу және біліктілігін арттыру, оның ішінде шетелде) есебінен медицина қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін нығайту көзделеді», — делінген кешенді жоспарда.

Құжат 14 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.

Другие новости

Back to top button