Спорт
Аламан бәйгегеде қазақстандық «Айқабақ» бірінші келді
Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы 25 шақырымға жалғасқан Аламан бәйгеде Қазақстан басты екі жүлдені иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты. Соңғы айналымда 7 ат қана қалды. Мәре сызығын бірінші болып «Айқабақ» кесті. «Жұмыртұяқ» екінші болып келсе, қырғызстандық сәйгүлік – «Қара қыз» үштікті түйіндеді.
Бірінші орындағы жүйрік «Айқабақ», шабандозы – Аңсар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сәтбаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан). 2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Амангелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан). 3-орын: «Қара қыз», шабандоз –Нурэл Элесов, бапкері – Нурбек Керимбеков, ат иесі –Изат Сырғақ уулу (Қырғызстан).