Госорганы

Алаяқтық жасады деп сотталған антикор төрағасының экс-орынбасары Мақсат Қожабаев мемлекетке қанша қарыз

Шымкент қаласының бұрынғы прокуроры және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің экс-орынбасарына сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Мақсат Қожабаев бір жыл бұрын алаяқтық бабы бойынша күдікке ілінген еді. Ол лауазымды тұлғаны түрмеден шығарамын деп адамдар тобымен 120 мың АҚШ долларын (55,7 миллион теңге)қажет еткен. Осындай айыппен жауапқа тартылған шенді бүгін 5 жыл 6 айға сотталды.

Сот барысында Мақсат Қожабаев кінәсін мойындаған жоқ. Есесіне, онымен сыбайлас болды деген Гуламов тағылған айыпты мойындады. Пара беруге айдап салу, алаяқтық және бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді пайдалану жолымен адамдар тобының алдын ала сөз байласу, аса ірі мөлшерде жымқыру бабымен жауапқа тартылған Гуламов 5 жыл 1 айға сотталды.

Сот барысында прокурор Қожабаевқа 5 жыл, ал Гуламовқа 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған екен. Ал 100 мың АҚШ долларын берген адам жәбірленушіден күдіктіге айналған.

Үкімнен кейін сотталған шендінің туысы әділетсіз шешім шыққанын айтты. Және сотталғандардың өздері де үкіммен келіспейтінін мәлімдеді.

Шендерінен толық айырылған сотталушылар енді қалған 100 мың АҚШ долларын (46,5 миллион теңге) қайтару керек.

Еске салсақ, алаяқтық жасады деп айыпталған антикор төрағасының экс-орынбасары Мақсат Қожабаевқа қатысты сот үкімі шыққаны хабарланды.

Другие новости

Back to top button