Культура

Актер Қуандық Шәкіржанов әйелімен бірге тұрмайтынын айтты

Белгілі актер, қалың көпшілікке “Бауыржан шоу” театры арқылы танылған Қуандық Шәкіржанов “Алғашқы” бағдарламасында жұбайы мен балалары туралы айтып, отбасындағы қиындықтармен бөлісті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

“Қызым бой жетті, ұлым ер жетті. Жұбайым Арай балаларыма жақсы тәрбие берді. Біз гастрольде көп жүрдік. “Бауыржан шоумен” жүргенде “билет өтпей қалады” деген ой болмапты. Қазақстанның қай жеріне барсақ та билет өтіп кететін. Алматыда да 10-15 күн болып, тағы ел аралап кетеміз. Осылай 10 жылға жуық жүрдік. Енді әр отбасының өзгеге айтпайтын сыры болады. Жасыратыны жоқ мен уақытша жанұядан жырақ гастрольде жүрмін. Солай болу керек болған шығар, мінезіміз келіспеді ме екен? Бірақ ұл-қызыммен жиі араласып тұрамын. Мамалары келе алмай, сұхбат бере алмай жатса, маған өкпелі шығар. Өмір болғаннан кейін бәрі болады. Қосылмауымыз да мүмкін. Өнер адам болған соң той бар, дос бар Қазақстанды аралап кететінім бар. Мүмкін орынсыз серілік құрып кеттім бе? 50-60 жастан кейін де жаңа өмір бастауға болады. Ешқашан шаршамау керек”, – дейді Қуандық Шәкіржанов.

Актер бір кездері жұбайын Өнер академиясында оқып жатқан жерінен шығарып алғанын да жасырмай айтты.

“Арай Өнер академиясының бірінші курсын ғана оқыды. Өйткені бір шаңырақ көтердік. Мен “Бір үйге бір әртіс жетеді” дедім.Содан кейін театрды да тоқтаттық. Арайдың өнерінің тоқтауына себепкер болған шығармын”, – дейді актер өзінің кінәлі екенін мойындап.

Другие новости

Back to top button