Социум

«Әкемнің ісін аяғына дейін жеткіземін»: Заманбек Нұрқаділовтің ұлы ақиқат үшін қазметтен бас тартатынын айтты

Танымал саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында әкесінің өзіне-өзі қол жұмсағанына сенбейтінін айтып, оның өліміне қатысты бар шындықты білуге тырысатынын жеткізді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Бағдарлама жүргізушісі Нұрсейіт Жылқышыбайдың: “Әкеңіздің ісін аяғына дейін апарасыз ба? Болашақта мемлекеттік қызметке тұрсаңыз қалай болады?” деген сауалына Қайрат Нұрқаділов: “Аяғына дейін апарамын. Әкемнің өзін атқанына сенбеймін. Жұмысымды істеймін, әкемінің өліміне қатысты істі де жалғастырамын. Депутаттық сайлауда жолымды берген Рысбек ағамыз да осы істе аянып қалмайтынын айтты. Екеуіміз солай келістік. Мен үкіметтің жұмысын істесем де әкемнің ісін аяғына дейін жеткіземін. Лауазымды не ақиқатты таңда десе, қызметімді тастаймын. Менің әкем халықты тонаған жоқ, ешкімді өлтірген жоқ, түрмеде отырмады. Ол – Қазақстан үшін күрескен адам. Оның ісі ашылу керек”, – дейді Қайрат Нұрқаділов.

Оның айтуынша, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы болғандықтан қызметке іліне алмай жүр.

“Үлкен саясаткердің баласы болғандықтан қорқатын сияқты. Мен Досаевтың қабылдауына үш рет жазылдым. “Алматы жақсы білемін, құрылысшымын” деп өз бағдарламамды ұсынбақшы болғанмын қабылдаған жоқ. Сағынтаевқа да екі рет жазылдым, ол да қабылдамады. Мүмкін Нұрсұлтан Назарбаев тірі болғандықтан қорқып отырған шығар. Сол сұрақтың жауабын өзім де таппай келемін”, – дейді саясаткердің ұлы.

Бұған дейін Нұрқаділоватің бірінші әйелі Нұрбике Нұрқаділова күйеуінің қазасын кім естірткені жайлы айтқан болатын.

Другие новости

Back to top button