Происшествия

Әкелі-балалы екеу Жайық өзеніне батып кетті

Қайғылы оқиға 25 тамызда кешке таман орын алды. Сағат 16:08-де облыстық ТЖД-ға ПД кезекші бөлімінен Жайық өзенінде ер адам мен баланың суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шақырту орнында құтқарушылар сағат 16:16-да келіп жетті. Бірақ, өкінішке қарай, бәрі кеш болып кетті, сондықтан ТЖД қызметкерлеріне суға кеткендердің денесін іздеуге тура келді. 1995 жылғы ер адам мен 2013 жылы туылған бала суға кетіп, қаза тапты.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сағат 16:35-те ер адамның, сағат 18: 44-те ұл баланың денесін тауып, судан шығарды. Іздеу жұмыстарына Атырау облысы ТЖД-ның 4 қызметкері, 1 жүзу құралы, Атырау облысы полиция департаментінің 10 қызметкері, 2 техникасы жұмылдырылды.Атырау облысы ТЖД-ның қоғаммен байланыс тобы

Айта кетсек, марқұм әкелі-балалы екеу арнайы жабдықталмаған жерде шомылған.

Другие новости

Back to top button