Культура

«Әке-шешенің той жасауға шамасы келмесе, қашып кетіңіз»: Жазира Байырбекова қыздарға кеңес берді

Танымал әнші Жазира Байырбекова “Қыздар-ай” бағдарламасында тұрмысқа шықпаған қыз-келіншектерге ақылын айтып, кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Осы уақытқа дейін ұясынан ұшқан көп қызды ұзатып, қуанышына ортақтасқан өнер иесі қыздарға отбасының әлеуметтік жағдайына қарайласуға, ата-ананы қажетсіз шығынға батырмауға шақырды.

“Кей қыздарға айтарым,егер сіздердің ата-аналарыңыз айлыққа күн көріп отырса немесе қарапайым сатушы, соңғы ақшасына тойға әнші шақыратын болса, келіспеңіздер. Сіздер жәй ғана әншінің әнін қойып-ақ ұзатылсаңыздар болады. Тіпті ата-анаңыздың той жасауға шамасы келмесе, қашып кетсеңіз де болады. Ата-аналарын қинап той жасайтындарға қарсымын. Кей тойға барған кезде мейрамхананың сыртында қарапайым көліктер тұрады. Сонда көмекшіме “Мына қарапайым кісілерден қалай ақша аламын? Жартысын тастап кетші” дейтін кездерім болады”, – дейді Жазира Байырбекова.

Әншіге соңғы кездері ұзату тойды өткізген қиынға соғып жүрген көрінеді.

“Көмекшіме ұзату той алмашы деп өтініш жасадым. Себебі тойдың басынан аяғына дейін күткен қиын. Маған бесік той, тұсау кесер, үйлену той өткізген оңай, аяғына дейін күтпеймін. Бірақ күнтізбе әлі де ұзату тойға толып тұр. Мүмкін гонорарды көтеріп тастасам ұзатуға шақырмайтын шығар деп ойлап қоямын. Менің ұзату тойым болған жоқ. Қыздарға “Қашып кетсе де болады” дегенім, өзімнің тәжірибемнен айтқаным. Біздің кезде қыз ұзату болмайтын. Ол кездері мені: “18-десің, кішкентайсың” деп жібермейтін де еді. Негізі әншінің қыз ұзатуы – дәртүрде жоқ”, – дейді өнер иесі.

Жазира Байырбекова ұзату тойлардың бірінде болған қызық оқиғасымен бөлісті.

“Әр қыз ұзату – ерекше. Мен ұзату кезінте қатты толқыған кезімді айтып берейін. Ана қызды халықтың алдына шығардым, көңілім босап тұр. Қызды күйеу жігітке қимай тұрмын. Сөйтсем жанымдағылар: “Неге? Бұл қыз ірі кәсіпкерлердің отбасына бара жатыр” дейді. Мен: “Мәселе ақшада емес қой. Мына қызға ана жігіттен көрі, менің балам сәйкес келетін еді” дедім. 19 жастағы сүйкімді қыз екен. Кейін қыздың ата-анасы тойда құда-құдағиына: “Жанболат пен Жазира қызымызды өз ұлдарына әпергісі келген. Бірақ сіздерге бұйырыпты” деп айтыпты. Шынымен сол қызға қарап “Мына қыз менің келінім болғанда ғой” деп ойланып қалдым. Қыз ұзатар кезде, ол кімнің қызы екені маңызды емес. Байдың қызы ма, жоқ жердің қызы ма, барлық қызға менің тілегім бірдей. Қызды әр алып шығатын кезде қобалжимын. Той басталып, қызды алып шығарда ыстық ине салғанда денеден ыстық су жүріп өткендей әсер аламын”, – дейді әнші ағынан жарылып.

Бұған дейін Жанболаттың арқасына мініп алған Жазира Байырбекованың жұртты тәнті еткені жайлы жазған болатынбыз.

Другие новости

Back to top button