Северо-Казахстанская область

Әжесі қамқорлық мекемесіне тапсырды делінген үш айлық қыз отбасына қайтарылады

Петропавлда туған кішкентай қыздың тағдыры көптің көзіне жас ұялатты. Кішкентай бүлдіршін төрт айлық кезінде отбасынан ажырап қалған. Ол екі аптадан бері облыстық балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды Экспресс К

 

Естеріңізге сала кетейік, әуел баста бұл кішкентай қызды анасы тастап кетті деген болжам айтылған. Кейін бүлдіршіннің 39 жастағы туған нағашы әжесі баладан бас тартты деген ақпарат шықты. Содан барып қана сәбиді 18 жастағы анасы өзінің шешесіне қалдырып, басқа қалаға жұмысқа кеткені белгілі болды. Баланы қарауға келген патронажды медбике қамқорлық органдарына хабарласқан.

Бірақ уақыт өте келе анасы қызды қайтарып алғысы келген. Екі апта бойы қажетті құжаттарды жинаған.

Кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі комиссия баланы анасына қайтару туралы шешім қабылдады. Ол тұрмыстық жағдайы туралы анықтама ұсынды. Қазір олар әжесімен бірге тұрады. Отбасы енді қамқорлық органдарының бақылауында болады,

деді қамқорлық секторының меңгерушісі Маржан Серікбаева.

Сәби бүгіннен қалмай отбасына оралады деген болжам бар.

Другие новости

Back to top button