Главное

«Айына 350 мың теңге алады»: елімізде 180 жаттықтырушыға спорт зейнетақысы төленеді

Елімізде 180 адам ай сайын 350 мың теңге болатын спорт саласының зейнетақысын алып отыр. Бұл туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Әлем чемпионаты, Олимпиада жеңімпаздарын тәрбиелеген, спорт мансабы тоқтаған бапкерлер мен жаттықтырушыларға спорт зейнетақысы төленеді. Егер олардың 20 жылдық өтілі болса, жаттықтырушылар мен спортшыларға 350 мың теңге ай сайын төленеді. Қазір елде 180-нен астам азамат ай сайын осы төлемді алып жатыр», — деді Жарасбаев Сенаттың жалпы отырысының кулуарында.

Другие новости

Back to top button