Культура

Айгүл Иманбаеваның әкесі өмірден өтті

Танымал әнші Айгүл Иманбаеваның әкесі Серікқұл Иманбаев өмірден озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Қаралы хабарды дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали естіртті.

“Қаралы хабар. Қазақтың аяулы өнерпаз қызы Айгүл Иманбаеваның әкесі Серікқұл Иманбаев дүние салды. Құрметті Айгүл, қанаты бүтін сұңқар, тұяғы бүтін тұлпар жоқ. Алла әкейдің алдынан жарылқасын. Бекем болыңыз”, – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншіге көңіл айтып, қайғысына ортақтасты.

“Иманды болсын”, “Иманы жолдас болсын”, “Алла панасына алсын”, “Алды пейіш, арты ырыс болсын”, “Артының қайырын берсін”, – деп басу айтты желідегілер.

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева сәуір соңғы берген сұхбаттарының бірінде әкесімен ұзақ жылдар бойы араласпағанын, кейін жеке концертіне шақырып, татуласқанын айтқан болатын.

Другие новости

Back to top button