Культура
«Әйелдердің ісіне араласпаймын»: Қайрат НҰРҚАДІЛОВ қарындасы мен Мақпал Жүнісова арасындағы дауға қатысты пікір білдірді

Бұған дейін белгілі әнші Мақпал Жүнісова Құралай Нұрқаділованың видеосын жариялап, өзінің және қызының өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеген болатын.
Құралай Нұрқаділова бұған дейін желіге жүктелген бейнежазбада Халық әртісі жайлы: «Ұяты жоқ әйел, үндемеуге тырысасың, бірақ айтуға тура келіп тұр. Сұхбат беріпті, анам қанша жыл үндемей келді. Ол кісі жай ғана айтпаған, өте әдепсіз айтқан. Ол менің мінезімді біледі, шындығында мен қатты ашулануым мүмкін»,– деген еді.
NEGE тілшісі мәселенің мән жайын білмекке Мақпал Жүнісоваға хабарласқан. Алайда әнші пікір білдіруден үзілді-кесілді бас тартты. Құралай Нұрқаділова да бұл туралы айтуға құлық танытпады. «Бұл туралы түсініктеме бермеймін», – деп қысқа қайырды.
Ал Қайрат НҰРҚАДІЛОВ былай деді: «Мен әйелдердің әңгімесіне кіріспеймін. Мақпал жайында да ештеңе айтпаймын. Өздері білсін», – деді.
Кейіннен Құралай Нұрқаділова «эмоцияға берілдім» деп, Мақпал Жүнісоваға қатысты видеоны желіден алып тастағаны белгілі болды.