Аяздың беті қайтады: алдағы екі күнге арналған ауа райы болжамы
Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2023/01/a0c50f0d-9aa4-4e22-9c2c-d63a492040fe-780x470.jpeg)
«Қазгидромет» РМК 12-14 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Суық арктикалық антициклон өз траекториясын республиканың шығыс, оңтүстік өңірлеріне бағыттайды, сол себептен жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік жартысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
«Ауа температурасы еліміздің батысында түнде 15-30 аяздан 7-20 аязға дейін, солтүстік-батыста 20-28 аяздан 13-22 аязға дейін, республиканың солтүстігінде 20-35 аяздан 13-26 аязға дейін, орталықта 30-41 аяздан 17-25 аязға дейін, еліміздің шығысында 32-43 аяздан 20-30 аязға дейін төмендейді.
Оңтүстікте температураның негізгі фоны 22-31 аяз, оңтүстік-шығысында 20-33 аяздан 23-36 аязға дейін төмендейді», — делінген синоптиктер болжамында.